Жаңалықтар

Қарағанды облысында мұғалім де қат маманның қатарында

«Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындарының облыстық жәрмеңкесіне жұмыс ұсына келгендер осылай деп отыр. Балқаш қаласы, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гиназиясының директоры, қалалық педагогтар ассосациясының төрағасы Гүлзада Манатаева жас маман табамыз деген зор үмітпен келген.

– Балқаш қаласында 17 мектеп бар. Оның 10-да педагог кадрлар жетіспейді. Көбіне физика, математика, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі, география, психолог, әлеуметтік педагог мамандарына сұраныс өте жоғары. Әрбір мектепте 8-10 бос жұмыс орны бар. Соларды толтыру үшін бүгінгі жәрмеңкеге келдік. Қазір мектептерде бала саны көбейіп, қосымша сыныптар ашылып жатыр. Әсіресе, психолог мамандар тұрақтамайды. Жалпы, мектепте балалармен жұмыс істеген қызықты. Қазіргі балалар еркін ойлы, ашық. Әрі еңбекақысы да жақсы мұғалімдердің. Егер келіп жұмыс істеймін десе, баспанамен де көмектесеміз. Балқаш қаласы мектептерінің білім деңгейі жоғары, білім беру деңгейімен облыстағы ондыққа кірсек, республика бойынша алдыңғы қатарлы 100 мектептің сапындамыз. Тәжірибелі мұғалімдеріміз жас мамандарды тәрбиелеп, тәжірибесін бөлісуге әркез дайын, – дейді Гүлзада Манатаева.

Жәрмеңке жұмыс берушілер мен жас мамандардың еркін ақпарат алысқан пікір алаңына айналды. Өз мүмкіндіктерін сынап көруге келген жастар барлық мекеме-кәсіпорындарды аралап, өздері туралы қажетті мәліметтерді қалдырып отырды. Келген жастардың толыққанды ақпарат алуына жағдай жасап, сауалнама парақшаларын таратып жүрген қалалық Мансап орталығының маманы Таңшолпан Кәрібаева жас мамандардың жұмысқа тұруға деген ынтасы зор екендігін айтып өтті. Ақпарат тақтасы маңындағы жастардың қалың нөпірі маманның сөзін толықтырғандай болды.

Сағыныш ӘБІЛ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button