Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі штаб құрылды

Қарағанды облысында көктемгі егіс науқаны қызу жүріп жатыр. Биыл 1,2 млн. гектар алқапқа өнім өсіру жоспарлануда. Оның ішінде, 900 мың гектарға дәнді дақыл егіледі. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық. Осы орайда, елдегі төтенше жағдай режимі шаруалардың маусымдық жұмысына кедергі келтірмеуі тиіс. Сондықтан, туындаған қиындықтарды жедел шешу мақсатында  көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі облыстық штаб құрылды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров хабарлады.


– Маған бұл штабты басқару тапсырылды. Оның құрамына ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Қазақстан фермерлер одағы филиалының басшысы, аудан әкімдерінің орынбасарлары және қаржы институттарының өкілдері кірді, – деді Серік Шайдаров.

Қазіргі таңда шаруалардың техникалық дайындығы 98%-ға жеткен. Егіс алқабына 12 мың трактор, 193 егіс кешені және 6 мыңнан астам тұқым сепкіш машина шығарылады.  Бұл техникалар егін егу науқанын дер кезінде аяқтауға мүмкіндік бермек. 

  • Санитарлық талаптарға және денсаулық жағдайына байланысты шектеулер енгізілді. Процестерді барынша оңтайландыру және «бір фермер – бір машина – бір адам» схемасы бойынша жұмыс істеу керек, – деді Серік Шайдаров.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 19 мың тонна арзандатылған жанармай жеткізілмек.  Сондай-ақ, Аграрлық несие корпорациясы арқылы егіс жұмыстарына жылдық мөлшерлемесі 5% болатын 2,5 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда осы соманың 2,2 млрд теңгесі игерілді. Фермерлерге «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіледі. 

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу жөніндегі штабтың Call-орталығы:
Тел: (8-7212) 560-999, 301-041, 565-948.
Штаб төрағасы –  Серік Жаманқұлұлы Шайдаров, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары – (8-7212) 50-15-21.

Штаб төрағасының орынбасары – Сағынжан Апақашұлы Апақашов , Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы – (8 – 7212) 56-58-40.

Штаб хатшысы – Серік Қабылұлы Әміралин, Қарағанды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы – 8-701-463-45-74.

Штаб мүшелері:
Игорь Васильевич Жабяк , «Қазақстан фермерлер одағы» РҚБ Қарағанды филиалының төрағасы – (8-702) 177-14-77;

 Бауыржан Серікұлы Баймұқаш, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры – 8-701-888-76-71;

Данияр Әбдәкімұлы Тоғызбаев , «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры – 8-701-539-67-05;

Марат Кәмелұлы Бейсенов , ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы басшысының м. а. – 8-702-818-81-70;

Саят Қабиденұлы Мусин, Абай ауданы әкімінің орынбасары – 8-771-617-77-00;
Нұрланбек Көмірбайұлы Жаңабергенов , Ақтоғай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы – 8-747-627-14-73;
Арман Шалиұлы Дардаков , Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары-8-701-538-05-17;
Ғазиз Әбірханұлы Төлеуов , Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-538-92-78;
 Берік Мұхатайұлы Тоқмурзин, Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары-8-701-535-79-55;
Уәлихан Тілеуханұлы Оспанов , Нұра ауданы әкімінің орынбасары – 8-701-418 90 28;
Руслан Есенбекұлы Нұрмұханбетов , Осакаров ауданы әкімінің орынбасары-8-701-144-76-18;
Мақсұт Сәрсенбайұлы Оспанов, Ұлытау ауданы әкімінің орынбасары – 8-705-255-00-81;
Мақсат Боранбайұлы Жұмкин, Шет ауданы әкімінің орынбасары – 8-702- 191-31-70.

Басқа материалдар

Back to top button