Жаңалықтар

Қарағанды облысында бірнеше іске қатысы бар пәтер тонаушылар ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері пәтерлерде тіркелген бірнеше ұрлыққа қатысы бар қос күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Қарағанды облысы Абай аудандық полиция басқармасына 48 жастағы қала тұрғынынан арыз түседі. Жәбірленуші бірінші қабаттағы үйінен ноутбук пен қуаттау құрылғысы ұрланғанын мәлімдейді. Ұрылар терезен кірген. Оған келтірілген шығын көлемі – 170 мың теңге.

Сондай-ақ, полицияға 50 жастағы Абай қаласының тұрғыны арызданады. Жәбірленуші үйінен екі ноутбук, флэшкарта және ақша ұрлағанына шағымданады. Бұл жолы да ұрылардың пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргені анықталады. Оған келтірілген шығын көлемі – 1,1 млн теңге.

Криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 29-34 жас аралығындағы екі адамды ұстады. Олар қылмыстарын мойындап, заттарды бейтаныс біреуге сатқандарын айтады. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Полиция қызметкерлері тергеу әрекеттері барысында күдіктілердің Саран және Ақтас қалаларында жасалған екі қылмысқа қатысы бар екенін де анықтады. Бірінші жағдайда күдіктілер жәбірленушіге 330 мың теңге, екінші жағдайда 77 мың теңге шығын келтірген. Күдіктілерге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Полиция департаменті төменгі қабаттағы пәтер иелеріне терезеге темір тор орнатуға кеңес береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button