Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысында ағаш отырғызу науқаны өтті

Қарағанды облысының тұрғындары республикалық акцияға қатысып, бір күнде 6 500 түп жасыл желек отырғызды. Акцияға аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың басшылары, спортшылар, қоғамдық ұйым өкілдері, депутаттар қатысты.

Қарағанды қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Көгілдір тоғандар» мен Оңтүстік-Шығыс шағын аудандарының аралығында  триатлон-парк салынуда. Бұл нысан – жеке құрылыс компаниясының қалаға жасап отырған сыйлығы. Жобаның бастамашылары «Триатлон паркін бірге құрамыз» акциясын жариялады. Мұнда кез келген адам өз ағашын отырғыза алады. Аумақты көгалдандыру үшін қарағай, қайың, жөке, шаған ағаштары таңдалды. Республикалық акция барысында саябаққа 1500 түп ағаш отырғызылды. 
– Акцияның мақсаты – өңірді көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың табиғатқа деген қамқорлығын арттыру. Біз әрбір ағашты, әрбір бұтаны бағалауымыз керек. Экологиялық сенбілікке үш мыңға жуық адам қатысты, – деді Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Руслан Төлепбаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button