Жаңалықтар

Қарағанды облысында 28 адам мінген автобус қар құрсауында қалды

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойды. 

 

25 наурызға қараған түні Қарағанды ​​облысының Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы – Шоқай кенті» жолында жолаушылар автобусы қар құрсауында қалған. Астана-Алматы бағытында бет алған автобус Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде тоқтап қалған.

– Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жіберілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды, оның ішінде бір баланы Осакаров ауылына эвакуациялады. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді. Қалғандары медициналық көмекті қажет етпеді.

Қарағанды облысы ТЖД қолайсыз күн райы кезінде түнгі уақытта алыс жолға шықпауға кеңес береді, – делінген ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button