Бас тақырыпМедицина

Қарағанды облысына биыл ЭКҰ-ға 270 квота бөлінді

Қазақстанда демографиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Аңсаған сәби» бағдарламасы енгізілген болатын. Биыл Қарағанды облысында 270 отбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бағдарламасы бойынша экстракорпоралды ұрықтандырудың (ЭКҰ) қызметін пайдалана отырып, ата-ана болу мүмкіндігіне ие бола алады. 

Сурет newsroom.kz

ЭКҰ-ға квота алу үшін:

– тіркелген жері бойынша емханаға барып, акушер-гинекологтың қабылдауына жазылу;

– гормондарға анализ тапсыру, жатыр түтікшелерінің өтімділігіне тексеруден өту және репродуктологтың қорытындысын алу;

– ерлерге спермограммадан өтіп, андрологтың қорытындысын алу қажет.

Құжаттардың толық топтамасымен облыстық клиникалық аурухананың Отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық орталығына квота беру жөніндегі комиссияға жүгіну қажет.

–  Егер сіздердің емханаларыңызда зерттеу жүргізуге қажетті мамандар мен жабдықтар болмаса, МӘМС аясында барлық қажетті процедуралар жүргізілетін Отбасын жоспарлау орталығына жолдама ала аласыз, – дейді акушер-гинеколог және репродуктолог Татьяна Слободчикова.

Комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін жұптар ЭКҰ процедурасын жүргізу үшін Қазақстандағы кез келген клиниканы таңдай алады.

Отбасын жоспарлау орталығының мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 10а.

Телефон арқылы қабылдау (8-7212) 42-55-54.

Call-орталық: (8-7212) 94-04-77, +7-778-003-71-47.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button