Руханият

Қарағанды музыкалық комедия театры төртінші рет «Кукляндия» халықаралық фестивалін өткізбек

Қарағанды музыкалық комедия театры төртінші рет «Кукляндия» халықаралық фестивалін өткізбек. Балаларға арналған шараның ашылуы екінші желтоқсанда деп күтілуде. Жоба ұйымдастырушылары үш күн ішінде жеті қойылым қоймаққа ниетті. Аталмыш қойылымдар Баку, Смоленск, Озерск, Астана және Шымкент қалаларында сахналанып үлгерген.

– 2019 жылдан бастап біз «Кукляндия» халықаралық қуыршақ театрларының фестиваль-жобасын жүзеге асырып келеміз. Оның географиялық ауқымы кең. Жер бетінен Бразилия мен Францияның ұжымдары қатысты. Біз әлемдік театр кеңістігіндегі қуыршақ жанрының қыр-сырын ашып көрсетуге тырысамыз. Бұл жобаға өз дәстүрлері мен тарихы бар театрлар шақырылған. Жалпы қолға алған ісіміз көптің көңілінен шығады деген ниеттеміз, – дейді музыкалық комедия театрының жетекшісі Амантай Ибраев.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қуыршақ қойылымдары жас балалармен қоса ересектерге де қызықты болады деп сендіруде.

Челябі облысындағы Озерск қаласының «Золотой петушок» қуыршақ театры «Ұйықтамайтындарға арналған Серенада» – «Маша жастықпен қалай ұрысып қалды» атты қойылымдарын қоржындай келіпті.

Ал, Шымкент қалалық қуыршақ және жас көрермен театры Винни-Пух туралы белгілі ертегіні қазақ тілінде көрсетеді. Онда балалар аю мен оның достары бастан кешетін жақсы және күлкілі оқиғалардың белсенді қатысушылары бола алады.

Сондай-ақ, Абдулла Шаиг атындағы Әзірбайжан мемлекеттік қуыршақ театры «Ақ және қара» драмасын ұсынады. Бұл әлемде жарық іздеп қайың таяқшасымен кезіп жүрген соқыр баланың оқиғасы. Баланың тәлімгері жел болады. Ондағы ертегі кейіпкері саяхатта түрлі қызықты оқиғаларға тап болады.

Ертегілер елінен базарлықты Д.Светильников атындағы Смоленск облыстық қуыршақ театры да алып келді. Олар Д.Мамин-Сибиряктың танымал «Сұр мойын» («Серая шейка») ертегісінен көрініс көрсетеді. Спектакль бірнеше анимация элементтерін қамтиды.

Ал, біздің облыстан Қарағанды музыкалық комедия театрының екі қойылымы – «Домбыраның алтын ішектері» ертегісі және Киплингтің туындысы бойынша қойылған биік қуыршақтардың қатысуымен «Өздігінен жүрген мысық» спектаклі бақ сынамақ. Осынау фестиваль аясында дөңгелек үстел өтеді. Аталмыш жиында арнайы мамандар заманауи қуыршақ өнерінің үрдістерін талқылайды. Жаңа жыл қарсаңында қаланың жас тұрғындары мен қонақтарын осындай шынайы бағдарлама күтеді.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button