Қарағанды – көктемгі су тасқынына дайын
Қала ішіндегі еріген қар суын кедергісіз шығару үшін «Тазалық Эксперт» ЖШС мамандары жол асты су өтетін құбырлар мен арықтарды тазалауда. Сонымен қатар, тасқынға тосқауыл болу үшін құм толы қаптар мен материалдық-техникалық құралдарды сайлап қойды.
Қазіргі уақытта мердігер «Московская», «Казахстанская», «Космонавтов», «Панорамная» және «Пищевая» көшелеріндегі жерасты су құбырларын толығымен тазартты. Сондай-ақ, «Тайыр» сауда үйі мен Бұқар жырау даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер жолына тұз аралас құм себу жұмыстарын жүргізеді.
Ербол ЕРБОЛАТ.