Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағанды-Балқаш тас жолы: 90 шақырымдық төрт жолақты қозғалыс ашылды
«ҚазАвтоЖол» компаниясы Қарағанды-Балқаш тас жолының төрт жолақты қозғалыс үшін тағы бір бөлігінің ашылғанын хабарлайды. Кеше Ақбастау ауылынан Ақсу ауылына дейінгі 40 шақырымдық учаскеде көлік қозғалысы ашылды.

«ҚазАвтоЖол»
Сондай-ақ компания жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тас жолда рұқсат етілген жылдамдықты көрсететін шлагбаумдар мен уақытша жол белгілері орнатылып, жол құрылысы жұмыстары жүргізілгенін хабарлады.
– Жол қозғалысына қатысушылардан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, уақытша жол белгілеріне назар аударуды және қалпына келтіру алаңында жылдамдықты сақтауды сұраймыз, – деді компания өкілдері.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.