Жаңалықтар

Қарағанды қаласында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Қарағанды қаласы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде қаланы абаттандыру ережелерін сақтау полиция инспекторлары қызметінің бағыттарының бірі болып табылады.

Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша 300 құқық бұзушылық анықталды, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы санынан (300) 289 адамға ескерту жасалды, 11 адамға жалпы сомасы 612 572 теңгеге айыппұл салынды. Сондай-ақ, 38 стихиялық қоқыс үйіндісі жойылды. Сондай-ақ, біз жолдардың ластануын болдырмау бойынша іс-шаралар жүргізудеміз, осы мақсатта ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы бойынша жол жабынын ластағаны үшін 3 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша 5125 құқық бұзушылық анықталды, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың жалпы санынан (5125) 5074 тұлға ескертілді, жалпы сомасы 1 957 306 теңгеге 51 тұлғаға айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта учаскелік полиция инспекторлары өз қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерінде қаланы санитарлық тазалау айлығы шеңберінде КСК төрағаларымен, сондай-ақ тұрғын және жеке үйлердің тұрғындарымен өздерінің аула аумақтарын тазалау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Нағима Әшімқызы,

ҚАРАҒАНДЫ қаласы. 

Басқа материалдар

Back to top button