АймақЖаңалықтарҚарқаралы

Қарқаралыда жел электр станциясын құру жобасы іске асырылуда

Елбасы ел Үкіметіне ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту, табиғи ресурсты тиімді пайдаланып, энергия көздерін іздестіруді міндеттеді. Қарқаралы ауданында бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде қолға алынған.

Көрнекі сурет

Үкіметтік бағдарлама шеңберінде жел электр станциясын құру жобасы іске асырылуда. Ауданды баламалы табиғи электр жарығымен қамтамасыз ету үшін бүгінде Қарқаралы  қаласынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан «Майор» тауларында «Шаңырақ-21» ЖШС жел электр станцияларының құрылысын қолға алуда. Жақында аталған серіктестік директоры М.Доштанаев аудан әкімі Х.Мақсұтовтың қабылдауында болды.
Бүгінгі күні нысанға дейінгі жол салынып, қажетті инфрақұрылым тартудың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалуда. Сондай-ақ, директор станция құрылысымен қатар, жұмыскерлерге арналған үй мен балабақша құрылысы жүретіндігін айтып өтті. Ал, Қарағайлы кентіндегі подстанцияны тиісті мекеме қарамағына алып, қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаражаттың да қарастырылып жатқандығын тілге тиек етті. Құрылыс жұмыстары тиісті құжаттар толық реттелгеннен кейін шілде айында басталмақ. Нысанды пайдалануға беру 2019 жылдың маусым айына жоспарланған.

Сағыныш ӘБІЛОВА,
«Орталық Қазақстан»

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button