Бас тақырып

Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне күрделі жөндеу жүргізіледі

Қарқаралы қаласындағы 170 жылдан астам тарихы бар Құнанбай қажы мешітіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болды. Осы мақсатта облыстан 70 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қазір конкурстық жұмыстар жүргізілуде. Бір жарым ай көлемінде жөндеу басталады.

– Қарқаралыға сапар барысында бірқатар тарихи ескерткіштердің жөндеуді қажет ететінін көріп қайттық. Құнанбай қажы мешітіне күрделі жөндеу 2009 жылы жүргізілген. Содан бері біраз жыл өтсе де жөндеу көрмеген мешіттің маңайындағы тастөсемнің тозығы жеткен. Одан бөлек, жылу жүйесін толық жөндеу де керек. Мешіттің төбесі, күмбезі сырланып, қоршауын қалпына келтіру жұмыстары тұр, – дейді облыстың тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы Түлкібай Төлеуов.

Құнанбай қажы мешіті – «Қазақстанның 100 киелі орны» тізіміне енген, мемлекет қорғауындағы тарихи орын екенін айту керек. Алғаш іргетасы 1851 жылы Қарқаралы округінің аға сұлтаны Құнанбай қажының бастамасымен қаланған. 1991 жылы аудан тұрғындарының ұсынысымен Қазақтың мәдени-тарихи ескерткіштерін қорғау және қайта жабдықтау конструкторлық жобалау институты мамандары келіп, мешітті бастапқы қалпына келтірген.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button