Қарқаралыда «Рухты ару – 2019» байқауы өтті
8 наурыз күні Қарқаралы мәдени – сауықтыру орталығында “Рухты ару – 2019” байқауы өтті. Дәстүрге айналған шара биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Байқауға Қарқаралы қаласынан, Егіндібұлақ, Көктас, Ақжол, Аппаз, Нұркен, Жаңатоған, Қасым Аманжолов ауылының арулары қатысқан.
Арулар бірнеше кезең бойынша сынға түсті. «ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІМ АЙТАМ ӨЗ ЖАЙЫМДЫ” кезеңінде өздерін таныстырса, “ЗИЯТКЕРЛІК сайысында” ұлттық салт -дәстүрге қатысты сауалдарға мүдірмей жауап берді. Сондай-ақ, «Қонақ күте білеміз бе?» кезеңінде ас мәзірін ұсынып, «ЖҰЛДЫЗЫҢ ЖАНСЫН!» кезеңінде өнерлерін ортаға салды. Сұлулық сайысы да байқаудан тыс қалмады. “Дефеле ” кезеңінде қатысушылар сән үлгілерін көрсетті. Байқау қорытындысында, әділқазылар алқасының шешімімен Ақжол ауылынан келген қатысушы “Рухты ару ” атанды.