Руханият

Арқаның айтөбелі – Алматыда

17 СӘУІРДЕ АЛМАТЫДАҒЫ «АЛАТАУ» ДӘСТҮРЛІ ӨНЕР ТЕАТРЫНА АРҚАНЫҢ АЙТӨБЕЛ ӘНШІСІ СЕЙІЛ АЯҒАН ШАҚЫРАДЫ, АҒАЙЫН. ҚАЗАҚ ЭСТРАДАСЫНЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ, БЕЛГІЛІ ӘНШІ СЕЙІЛ АЯҒАН ДӘЛ ОСЫ КҮНІ КЕШКІ САҒАТ 19.00-ДЕ «ТАҢ САМАЛЫ» АТТЫ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІН БЕРМЕКШІ. АРҚА ТАҢЫНЫҢ САМАЛЫН ӘН ҚЫЛЫП САЛАДЫ, БҰЙЫРТСА.

«Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» деген қазақ мұндайда тақым қысып, қолдау білдірген. Қазақтың ән өнерін үкілеп жүрген қоңыр дауыс иесі онда мал жетектеп емес, ән жетектеп барады. «Көгал қуып келмегем Көктөбеге…» дейтін Ғалым Жайлыбай. Арқадағы Ортау, Қызылтаудан түлеген қоңыр қаз үнді әнші Алатауға бір қонбай кетсін бе? Бір емес, бұған дейін бірнеше концертке барып, ән салған Сейіл Аяған ғой. Арнайы шақыртып та алдырады-ау үлкен концерттерге. Алайда, Алматының басында жеке ән кеші алғаш өткелі тұр екен. Ұзағынан сүйіндірсін.

 Жанына жетігеннің баласы гитараны серік еткен әншінің ән қоржыны да алапат. Халық әндері мен халық композиторларының әндерін оркестр, ансамбль сүйемелдеуінде шырқаса, 7-8 әнді тек гитарамен салатын көрінеді. Эстрада жанрында болса, болмаса да бар. Барыңыздар, көріңіздер, ағайын!

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button