Руханият

Арқадағы алғашқы концерт

Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік «Шалқыма» концерт залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, композитор Жоламан Тұрсынбаевтың «Айбынды Алаш – ұраным» атты шығармашылық кешін ұйымдастырды. Концерт республикалық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен жанды дауыста өтті.

– Бұл – Қарағандыда өткізіп отырған алғашқы шығармашылық концертім. Мен шынымды айттым, музыкаммен аз да болса шынымды айттым. Арқаның кіндігі, Арқаның қасиетті, қастерлі жері – Қарағандыда концерт беру арманым еді. Бүгін сол арманымның орындалғанына қуаныштымын – деді композитор.

Шығармашылық кеште композитордың жаңа әндерінің де тұсауы кесілді. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің басшысы – Талғат Ыдырысов бұл концерттің жылдың басынан бастап жоспарланғанын айтады.

Кеш бір жарым сағатқа созылды. Қарағанды қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғабит Тұяқов: «Бүгін Жоламан ағамыздың концертіне келіп, көңілім бір көтеріліп қалды. Еңбегі жана берсін! Шығармашылық жолда әлі де талай халықты қуантатын шығармаларын тыңдай берейік. Көрермен ретінде айтарым – концерт жоғарғы деңгейде өтті, барлығы жанды дауыста өте әсерлі болды», – деп пікірін білдірді.

Қарақат ҚҰРМАШЕВА,
Еуразия ұлттық университетінің II курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button