Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген пойыз жолға шықты
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 20 шілде күні елордадағы Нұрлы жол вокзалынан Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген жолаушылар пойызын жолға шығарды.
Ғалымның өмір жолы Жезқазған қаласымен тығыз байланысты болғандықтан, оның суреті №65/66 «Астана-Жезқазған» бағытындағы пойызға бейнеленген. Ол тамыз айының соңына дейін күнара қатынайтын болады.
Қазақтың көрнекті қайраткерлеріне арналған тақырыптық жобаны Ұлттық тасымалдаушы «Қазақмыс» компаниясымен бірлесіп алғаш рет іске асырып отыр. Пойыздың сыртқы жағында Қаныш Сәтпаевтың өмір сүрген жылдары мен оның мерейтойлық портреті бейнеленген. Жоба ұлы қазақ ғалымының есімін қастерлеуге бағытталған.
Айта кетейік, жыл басында сенаторлар тұңғыш қазақстандық геолог-академиктің мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуді ұсынған. Сонымен қатар Ұлттық банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған монеталарды айналымға шығарады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz