Жаңалықтар

Қанатына хат ілген

     Қарағанды облысының және елдің өзге де шалғай өңірлеріне хат-хабар тасымалдау ұшу құралдары арқылы жүзеге аспақ.

     Кеше «Қазпошта» АҚ қызметкерлері жаңадан іске қосылған ұшу құралдарының қызметін таныстырды.

Аудандар мен кенттерге бағыт алған ұшу құралдарының алғашқы сынағы Саран қаласының маңайында жүзеге асырылды. «Қазпошта» АҚ қызметкерлері аталмыш құрал арқылы газеттер жиынтығын Дубовка кентіне жіберді. Автоматты режимде сәтті жүзеге асқан жоба соңында газеттерді ауылдың пошта қызметкері қабылдап алып, оқырмандарға таратты.

Бағдарламаға сәйкес, ұшу құралы өз орнына қайтып оралды.

«Қазпошта» АҚ Басқарма төр­ағасы Сәкен Сәрсенов атап өткендей, ұшу құралдары іске қосылғанымен, поштаның ешбір қызметкері жұмыстан шығарылмайды. Тек, аппараттар пошта қызметін жақсартуға сеп болады.

– Қазақстан өңірлерінің өзара шалғай орналасуы бізге хат-хабар тарату қызметін жақсарту үшін баламалы қызмет түрлерін іздестіруді талап етті. Сондықтан, біз ұшу құралдары – дрондарды іске қосуды қолға алдық. Осы арқылы шығын мен уақытты үнемдейміз. Мәселен, хат тасымалдаушы автокөліктің жүріп өтетін жарты күндік жолына ұшатын құралдар бір-ақ сағат та жетіп үлгереді, – деді Сәкен Сәрсенов.

Негізі, осынау ұшу құралдары екі келіге дейін жүк көтеріп, оны жүз шақырымға дейін жеткізе алады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button