Қарқаралы

Амбулаториялар ашылды

    Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қарқаралы ауданындағы елді мекендерде отбасылық дәрігерлік амбулаториялар пайдалануға берілді.

    Ауыл халқының сау да салауатты болуына жіті көңіл бөлген басшылық облыстық қаражат есебінен Аппаз және Көктас ауылдарына жаңадан амбулатория салып берді. Халықтың игілігіне қызмет жасайтын орындардың ашылуына аудан әкімі Х.Мақсұтов қатысып, ел Тәуелсіздігінің арқасында қол жеткізіп отырған толағай табыстарымызды тілге тиек етті. Әрі ауыл адамдарының хал жағдайы жіті назарда болатындығын жеткізді. Ауылдағы ағайынның қуанышын бөлісуге барған аудандық аурухана басшысы С.Сүлейменова, медицина саласының ардагері С.Жекеев, аудандық мәслихат хатшысы С.Нұркенов және ауыл тұрғындары А.Шакенұлы, тыл ардагері У.Тоқановтар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button