Ақтоғай

«АЛТЫН-АЛМАСТЫҢ» АРШЫНДЫ ҚАДАМЫ

    Елімізде индустрияландыру картасы арқылы ашылған өндіріс орындары шалғайдағы аудандардың экономикасының ілгері дамуына тың серпіліс әкелді.

Соның бірі «Алтын-Алмас» АҚ. Кәсіпорынның ин­но­ва­ция­лық жұмыс ауқымы да ұзақ мерзімге негізделген. Жылма-жыл өндіріс қарқынын арттырып, алға қойған міндеттерін мүлтіксіз ор­ындап келеді. Мұның өзі жергілікті халықты жұмысқа тартып, нәпақасын табуға әжептеуір септігін тигізіп отыр.

Кәсіпорын өткен жылды айтарлықтай табыспен аяқтап, көздеген межеден шыға білді. Мәселен, алтын іздеушілер 26 824,4 млн. теңгенің өнімін өндіріп, ау­дан өнеркәсібінің 90 пайызын құрауға қол жеткізді.

Елбасы Н.Назарбаев жұмыссыздыққа жол бермеу жөнінде ұдайы айтып келеді. Жұмыссыз­дық – қоғамның ілгері дамуына кері әсер ететін бірден-бір фактор. Ал, «Алтын-Алмас» кәсіпорны 510 адамды жұмыспен қамтамасыз ете отырып, өндірісті ілгері дамытып келеді.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button