Алматыда тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты

Бүгін Алматы қаласында коронавирус дертіне шалдыққан екі науқас сырқаттан айығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы  coronavirus2020.kz хабарлады.

Науқастың бірі «Франкфурт –Нұр-Сұлтан – Алматы» бағыты бойынша ұшып келген. Ал, екіншісі «Мәскеу – Алматы» рейсімен келген екен. Індет жұқтырғандар тиісті ем-дом шараларын алды.

Бұдан былай екі науқас та медицина қызметкерлерінің бақылауында 14 күндік үй карантинінде болады.

Осымен елімізде коронавирус дертінен жазылғандардың саны 20 адамға жетті. Олардың он үші Нұр-Сұлтан қаласында. Ал, жетеуі Алматы қаласында ем қабылдаған.