ТОКҮО 2020
Алексей 32-ші орынға табан тіреді
Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі анықталды. Ел қатысқан Алексей ЛУЦЕНКО жекелей сын қорытындысы бойынша 32-ші орынға табан тіреді.
Отандасымыз 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті. Ал, жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.
Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.