ТОКҮО 2020
Александр құр қол қайтты
Токио Олимпиадасында слаломды есуден ел намысын қорғаған отандасымыз Александр КУЛИКОВ ақтық кезеңге шыға алмай қалды.
Жартылай финал қорытындысы бойынша Александр 12-орын иеленді. Ал, финалға өту үшін алғашқы ондыққа ену керек. Осылайша, қазақстандық спортшы жарысты аяқтады. Әйелдер арасындағы сында Екатерина Смирнова іріктеу кезеңінен өте алған жоқ.