Бас тақырыпЖаңалықтар

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 1, 2 және 3 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды ortalyq.kz.

Сурет: el.kz

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Синоптиктердің болжамынша найзағай соғып, жаңбыр жауады, шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын болады.

– 2 мамырда республиканың оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде үсік сақталады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі, – дейді синоптиктер.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button