Жаңалықтар

Алаяқтар айылын жияр емес

Теміртау қаласының Шығыс полиция бөліміне 77 жастағы қала тұрғыны хабарласып, шотынан белгісіз біреулердің 11 миллион 450 мың теңгені жымқырғанын мәлімдеген.

Сурет: mvd-kyzylorda сайтынан

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының арқасында 62 және 70 жастағы екі күдікті әйел ұсталды. Олар зейнеткердің сеніміне кіріп, пәтерін жинап, тамағын әзірлеп беріп жүрген. Сонымен бірге зейнеткер әйелдерге сенім артқаны сонша, банк картасын да жиі беріп, азық-түлік алдырып тұрған. Ұсталғандар қылмысын толық мойындап, қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button