Қаланың таңбасы

     Мысты қала Балқаштың іргетасының қаланғанына биыл 80 жыл толады. Өткен жылдар тарих парағына енді, жаңа өмір керуеніне жол тартты.

Қанша ұрпақ өкілдері ауысты. Шежірелі қаланың өндірістік, әлеуметтік қуаты артып, тәуелсіз елдің нығаюына айтарлықтай үлес қосып келеді.

Қаланың мерейтойына орай логотип байқауы жарияланған еді. Жуырда жеңім­паздар анықталды. ҚР Суретшілер одағының мүшесі Игорь Баграмов, «Сырт­қы жарнама» фирмасының дизайнері Евгений Смирновпен бірлесіп атқар­ған жұмыстары таңдаулы деп танылды. Логотиптің ортасында Ағыбай батыр бабамыздың қаладағы ескерткіш бейнесі тұр. Одан әрі өндіріс комбинаты, Балқаш көлінің толқыны, жоғарыдағы ортақ үйіміздің бейнесіне орайластырылып жасалған «шаңырақ» салынған.

Енді бұдан былай қаладағы бүкіл атқарылатын мәдени іс-шара­лардың қалалық логотипі (таңбасы) басшылыққа алынады.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.