Жаңалықтар

Қаламгер қаламында – ғасыр келбеті

    Жуырда қарымды қаламгер Ермағамбет ЛҰҚПАНОВТЫҢ шығармашылығы топтастырылған «Соңғы кітап» атты жаңа жинақ жарық көрді. Қырық жылға жуық журналистика майданының алдыңғы шебінде қызмет еткен әріптес ағамыздың еңбектерінен ғасыр келбеті көз алдыңызда лентадай айналады.

Құрастырушы – Серік Сексенұлы. Идея авторы – марқұмның жары Майра, демеушісі – ұлы Рауан екен. «Соңғы кітап» аталуы сол, биыл қайтқанына бес жыл толған журналистің бұл жинағына көзі тірісінде тасқа басылған 7-8 публицистикалық кітабынан тыс қалған шығармалары енген.

Кітап екі бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімінде жасөспірім шағында жазған әңгімелері мен повестері жинақталса, екінші бөлімі баспасөз беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларына арналған. Бұл мақалалар – қырық жылдық еңбектің жемісі. Бұрынғы Көкшетау облысындағы «Коммунизм таңы», «Көкшетау правдасы», республикалық «Лениншіл жас», «Спорт», «Қарағанды университеті» және өзіміздің «Орталық Қазақстан» газеттеріндегі қызмет жылдарының нәтижесі.

Мақалалардың кейіпкерлері де, тақырыптары да сан қилы. Шығармаларын оқып отырып, тілі шұрайлы, стилі ерек шебер журналист екенін байқайсыз.

Мәртебелі оқырман, кітапты қолыңызға алыңыз, сіз де оқыңыз.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button