ЖаңалықтарРуханият

Қалалық Қасым оқулары байқауы өтті

Қала мектептері оқушылары арасында Қасым оқулары байқауы өтті. Қалалық білім бөлімінің мұрындық болуымен өткен шара үш кезеңнен тұрды. Дауылпаз ақынды ұлықтау, оның рухани мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 50-ге жуық оқушы қатысты. Қарағанды қаласы білім бөлімінің басшысы Есентай Әшімнің құттықтау сөзімен ашылған сайысқа өңірімізге танымал тұлғалар төрелік етті.

Сурет: шараны ұйымдастырушылардан

«Берейін өмірімнен өлең жасап..» (Қасымға арнау) номинациясы бойынша жүлделі І орын №61 ЖББМ оқушысы Нұрғасыр Изатқа, ІІ орын №25 ЖББМ оқушысы Аманжол Нұрасыл мен Ә. Бөкейхан атындағы ЖББМ оқушысы Мақсат Жарылғасыновқа, ІІІ орын ЖББМ оқушысы Альмира Талғатқа, Абай атындағы МГ оқушысы Әлфараби Ілияшқа, Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ оқушысы Нұрдана Ибрагимоваға берілді.

«Өзіммен бірге өлмесін, өлеңім деп…» номинациясында үміткерлер Қасым ақынның өлеңдерін жатқа оқып, сынға түсті. Аталмыш бағыт бойынша І орын №61 ЖББМ оқушысы Алина Наурызбаеваға берілсе, ІІ орынмен №53 мектеп-лицейінің оқушысы Аяулым Оразбаева, №59 ЖББМ оқушысы Ақниет Ализах марапатталды. Жүлделі ІІІ орынға Ж.Ақбаев атындағы ЖББМ оқушысы Бекислам Оралов, №66 мектеп-лицей оқушысы Айша Бисенова, №32 ЖББМ оқушысы Ұлпан Құрманбек лайық деп танылды.

Қасым әндерін нақышына келтіріп орындау яғни «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» бағыты бойынша І орынды Б.Момышұлы атындағы ЖББМ 10 сынып оқушысы Арман Мейрамбай қанжығасына байлады. ІІ орынға Нұрайым Төлеуқұл (№61 ЖББМ) лайық деп танылса, ІІІ орынды Олжас Рахметулла мен (74 ЖББМ) Сезім Мұхамеджан (56ЖББМ) өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздарына арнайы димломдар мен «Нәтиже» сүт фабрикасының ақшалай сыйлықтары табысталды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button