Ресми

Қаладағы ауыл дәмі

Аймақтағы берекелі бастаманың бірі – ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі. Базар бағасынан сәл болса да арзан, таза, табиғи өнім сатылатын жәрмеңкені қала халқы асыға күтеді. Бұл жолғы жәрмеңке қала басындағы «Global City» «Ұмай» сауда орындары мен Пришахтинскідегі «Молодежный» мәдениет үйінде өтті.

Аудандардағы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен қала кәсіпкерлері қатысқан облыстық жәрмеңкеде 116 млн. теңгенің өнімі саудаланды. Елді мекендерден апарған өнімдердің басым бөлігі мал еті болды.

– Жәрмеңкеге Қарқаралы ауданынан 2,5 тонна ет жеткізілді. Сиыр мен қой еті – 2200 теңге, жылқы еті – 2600 теңге, қазы 4000 теңгеден саудаланды. Апарған тауарлардың барлығы өтті. Қаракөл, Тәттімбет, Қаршығалы, Мамыраев, Ынталы ауылдық округ тұрғындары да қолдарында бар өнімдерін нарыққа шығарды, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Асхат Құрмашев.

Жалпы, жәрмеңкеде 74 тонна ауыл шаруашылығы өнімі сатылды. Оның ішінде – 30 тонна ет, 20,5 тонна картоп, 7 тонна көкөніс, 4 тонна сүт өнімі, 3 тонна балық және балық өнімі, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 10 тонна өзге де өнім түрлері бар.

– Қыстан енді шығып, қызылсыраған халық үшін бұл жәрмеңке жақсы болды. Еттің бағасы да базар бағасынан әлдеқайда арзан. Бастысы – таза өнім. Жоғым түгенделді, ақшам үнемделді,– дейді тұтынушы Жанар Әбдіқалықова Қ

ала халқын табиғи өніммен қарық қылған кезекті жәрмеңке 15, 29 сәуір мен 6 мамырға жоспарланып отыр.

Сағыныш ӘБІЛ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button