Бас тақырыпЖаңалықтар

Қала көшелерінің бірінде ата-анасының қарауынсыз қалған екі жастағы бала табылды

Қарағандының Оңтүстік-Шығысындағы тұрғын үй алаптарының бірінде үлкендердің қарауынсыз қалған екі жастағы бала табылды. Сәбиді тауып алғандар Қарағандының Жедел басқару орталығына хабарласқан. Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері баланың жеке басын және оның 2 жаста екенін, сонымен қатар, ата-анасын да анықтады.

Сурет: vogazeta.ru

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл отбасы 4, 2 және 1 жастағы үш кішкентай баланы тәрбиелеп отырғанын мәлімдеді. Полицейлер мен ата-аналар арасындағы жан-жақты әңгімеден кейін олар медициналық тексеруге жіберілді, ал балалар қауіпсіздік пен амандық үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына уақытша орналастырылды.

Ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, материал Қарағанды қаласы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды. Енді оларды ата-ана құқығынан айыру мәселесі қаралатын болады.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button