ТОКҮО 2020

Алғашқы жүлде қоржында

Дзюдодан 60 келі салмақта сынға түскен Елдос СМЕТОВ Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Ал, бұл байрақты бәсекеден ел қоржынына түскен алғашқы жүлде.

Елдос кіші финалда Нидерланд өкілі Торнике Цакаджоені жеңді. Жеңімпаз қосымша уақытта анықталып, Елдос «ваззари» ұпайын иеленді.

Токио ойындарында Елдос Сметов алдымен Түркия, кейін Оңтүстік Корея балуанын жеңді. Олимпиаданың жартылай финалында жапониялық спортшы, үш дүркін әлем чемпионы Наохиса Такатоға қосымша уақытта есе жіберді.

Қола медаль үшін өткен кездесуде Елдос бар күшін салып, Қазақстан қоржынына Токио ойындарындағы алғашқы жүлдені салды.

Айта кетелік, Елдос Сметов 2014 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, 2015 жылғы әлем чемпионы және 2016 жылғы Рио Олимпиадасының алтын медаль иегері.

 

 

 

Басқа материалдар

Back to top button