Акция ұсынған мүмкіндік

    Суды, жарықты, жылуды саналы түрде заңсыз пайдаланып жүрсіз бе? Олай болса, ағымдағы жылдың 10-сәуірі мен 1-шілдесі аралығында құжаттарыңызды заңдастырып, қызмет көрсетушілермен қарым-қатынасыңызды дұрыстау мүмкіндігіне ие бола аласыз. Монополистер де кінәсін мойындап келгендердің барлығына кешіріммен қарайтындықтарына уәде беріп отыр. Себебі – «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС және «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС Қарағанды қаласында «Таза парақтан» акциясын бастады.

«Қарағанды Жарық» ЖШС-нің заң бөлімінің басшысы Алексей Хижняктың айтуынша, акцияның арқасында тұтынушы айыппұл санкцияларынсыз, құқық бұзушылықты жою мүмкіндіктерін ұсыну туралы өтінішімен аталмыш мекеменің бөлімшелеріне келе алады.

Монополистің айтуынша, электрді жасырын пайдаланып отырған тұтынушыларды іздеуге мүмкіндік беретін есептеудің ақылды жүйесі де орнатылып қойылған. Ал тексеруші – ескертуші ғана. Сондықтан, қазірден бастап мәдени қарым-қатынас орнатып, тұтынушылар өз еріктерімен келгендері дұрыс екенін айтады А.Хижняк.

Пәтерлерін қайта жоспарлаған, әр түлі жапсарлас құрылыс салып, лоджияны пәтердің тұрғын алаңына қосқандар да коммуналдық рақымшылықты пайдалана алады дейді, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС жылу энергиясын тарату бөлімінің басшысы Нина Попова.

Айта кету керек, қосымша аудан қосу және жүктемені өзгертуге байланысты «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС-нің акциясы 31-мамырға дейін және көпқабатты үйлердің тұрғындарына ғана арналған. Қызмет көрсетуші компанияның бас инженері Александр Акишиннің айтуынша, бұл энергия тапшылығына байланысты болып отыр. Компания ұсына алатын қуаттылық үлкен жүктемені заңдастыруға мүмкіндік бермейді. Акциядан қалыс қалсаңыз – заңсыз қосылу жойылады.

Акция аясында су тарту және сумен жабдықтау қызметінің шартын бұзғаны үшін қайта есептеу жүргізілмейді деп сендірді, «Қарағанды Су» ЖШС бас директорының орынбасары Айбек Боршанов. Заңды және жеке тұлғалар су және кәріз құбырларының жүйесіне заңсыз ойық жасағаны, дербес шотсыз қызметті пайдаланғаны және суармалы аудандары болған жағдайда, бұл туралы аталмыш мекеме бөлімшелеріне хабарлай алады және ол үшін ешқандай жаза қолданылмайды.

Акция аяқталғаннан кейін ережені бұзған тұтынушыға қызмет көрсету тоқтатылады және қайта есептеу жүргізілетінін ескертеді, компания өкілдері.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.