Ақтоғай

Қайырымдылық танытты

Қашанда игі бастамаға қолдау білдіріп отыратын халқымыздың атымтай жомарт ұлдары жетерлік. Солардың бірі – «Мектепке жол» акциясын жанашырлықпен қолдап, оқушылардың алаңсыз білім алуына жағдай жасап отырған «Сәрсенбек» шаруа қожалығының иесі Ернат Оспанов.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші Ернат М.Ержанов атындағы орта мектептің бес оқушысын қажетті оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етіп отыр. Көп балалы отбасыларға қол ұшын беріп отырған шаруа қожалығының иесіне ата-аналар Қ.Базарбеков, Т.Нұрпейісов, Р.Исабековалардың айтар алғысы шексіз. Азаматтың ауыл шаруашылығын өркендетудегі еңбегіне табыс тілейді.

Алдағы уақытта Нарманбет ауылында Ернат Батырбекұлының бастамасымен қолдауға ие болған игілікті істер жалғаса бермек. Жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету – басты мақсат. Акция – баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алып, оқуы үшін жағдай жасауды көздейді.

Мейрам АЛИБАЕВ,

М. Ержанов атындағы орта мектептің мұғалімі.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button