Жаңалықтар

Аймағымызда 15 сәуірден бастап “Уылдырық шашу” акциясы басталады

15 сәуірден 30 маусымға дейін Қарағанды облысының өзендері мен су айдындарының аумағында “Уылдырық шашу” акциясы өтеді. 

Уылдырық шашу кезеңінде 15 сәуірден 30 мамырға дейін Қарағанды облысы аумағында Қ. Сәтбаев атындағы арнада балық аулауға тыйым салынады. Тек бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау, торта, ақтабан, алабұға, мөңке балық және шортан аулауға ғана рұқсат етіледі.

20 сәуірден 20 мамырға дейін Нұра-Сарысу бассейнінің су айдындарында көксерке, тұқы аулауға тыйым салынады. Алайда тыйым 1 мамырдан 30 маусымға дейін басқа балық түрлерін аулауға алынып тасталады. Сондай-ақ, осы кезеңде спорттық, әуесқойлық және кәсіптік балық аулауға қатысуға болады.

Балық аулауға тыйым салу мерзімі аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып анықталады. Акция кезеңінде табиғат қорғау органдары қызметкерлерінің назары балық аулау, балық пен балық өнімдерін заңсыз сатып алу немесе өткізу, тасымалдау фактілерін анықтауға және жолын кесуге аударылатын болады.

Тыйым салуды бұзғаны үшін заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Нұра-Сарысу облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға, балық аулаудың белгіленген ережелерін сақтауға және заңды бұзбауға шақырады.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button