Аймақты көгілдір отынмен қамтамасыз ету қалай жүргізілуде?
2020 жылдан бастап Қарағанды облысын газдандыру басталды. Бүгінгі таңда газдандыру Қарағанды, Теміртау және Шахтинск қалаларында жүргізілуде.
Қазіргі таңда Қарағанды, Теміртау қалалары бойынша салынған газ тарату желілері 9 589 жеке тұрғын үйге (Қарағандыда 6 076 үй, Теміртауда 3 513 үй) тартылды. Жеке тұлғалар үшін 6 271 техникалық келісімшарт берілді, 4 854 үй газбен жабдықтауға қосылды.
Бүгінде облыстың басым бөлігі көгілдір отынмен жабдықталмаған.
Қарағанды, Теміртау және Шахтинск ірі қалаларынан басқа әкімдіктер ауылдық елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жаңа жобалар әзірлеуде. Атап айтар болсақ, өткен жылы екі жоба оң қорытынды алды.
– Жоба шеңберінде 4 елді мекенді немесе 9,2 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарланып отырған “Сейфуллин “АГТС,” Ақсу-Аюлы “АГТС және Ақсу-Аюлы кентінің, Еркін ауылының, Успен ауылының, Сәкен Сейфуллин ауылының газбен жабдықтау желілерін салу” жобасы.
– “Қарағанды облысы Ақтау кентінде және Мұстафин кентінде газ құбыры мен газбен жабдықтау желілерін салу” жобасы, онда екі елді мекенді немесе 7 мың адамды газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сондай-ақ Осакаров ауданы, Саран қаласы, Ақтас поселкесі, Дубовка поселкесін газдандыру бойынша жобалары бар.
Облысты газдандыру жақсы қарқынмен жүріп жатыр, бұл бюджеттің әртүрлі деңгейлерінен қаржыландыруды растайды. 2025 жылға Қарағанды қаласының газ тарату желілерін салуға, Теміртау қаласын газдандыру жобасын аяқтауға және Шахтинск қаласын газдандыруды жалғастыруға шамамен 20 млрд. теңге бөлінді.