Жаңалықтар

Аймақтың 19 мектеп директоры жауапқа тартылды

Қарағанды облысының Нұра ауданында 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қарағанды облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Сурет: m.zerkalo.az

Нұра ауданының прокуратурасы аудандағы білім беру ұйымдарында өткізген тексеру нәтижесінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, өрт қауіпсіздігі және денсаулық сақтау салаларындағы көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, атап айтқанда ауданның кейбір мектептерінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік құралдар табылды.

Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін дезинфекциялық ерітінділер анықталды. Мектептердің бірінде ішек таяқшасы бактериялары анықталды.

– Аудан прокуратурасының қадағалау актісі негізінде барлық анықталған бұзушылықтар жойылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2000-нан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды. Тексеру нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін 19 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке, 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламада.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button