Аймақта жедел алдын алу іс-шарасы басталды
15 сәуірден бастап аймақта кең ауқымды «Киік» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Аталмыш іс-шара браконьерлікпен күресті күшейтіп, облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған.
Бір айға созылатын акция барысында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау мақсатында тұрғындар арасында рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Табиғатқа ұқыпты қарау, өрт қауіпсіздігі, санитария қағидаларын сақтау және су айдындарында қауіпсіздік қадағаланады. Браконьерлік пен жасыл өсімдіктерді кесу үшін жауапкершілік бар екендігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау және сақтау жөніндегі жұмыс Полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауында ұстайтын болады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz