Жаңалықтар

Аймақта – жаңа прокурор

    Облыстық прокуратурада кадрлық ауыс-түйіс болды. Қарағанды облысының прокуроры болып Марат  СЕКСЕМБАЕВ тағайындалды.

Бұл туралы облыс әкімі Ерлан Қошанов кешегі өткен кезекті аппарат жиналысында мәлімдеді. Айта кетейік, жаңа прокурор Мемлекет басшысының келісімімен және Бас прокурор Жақып Асановтың бұйрығымен тағайындалған болатын.

Марат Сексембаев Торғай облысы, Арқалық қаласында 1979 жылы дүниеге келген. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдарда прокуратурада, әділет органдарында, қаржы полициясында қызмет еткен. 2014-2016 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. 2016 жылдан бүгінге дейін Бас прокуратураның қоғамдық мүддені қорғау департаментінің басшысы болып қызмет істеді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button