Ресми

Аймақта қысқа мерзімді оқыту басталды

Қарағанды облысында жұмыссыздарды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасы басталды.
Оқыту 22 сәуірден бастап білім беру ұйымдары мен оқу орталықтарында басталды. Қысқа мерзімді курстарда 250 адам оқиды.

Бұл жолы оқыту аспазшы, шаштараз, тігінші, слесарь-жөндеуші, тігінші-пішуші, бухгалтер-кассир,  құрастырушы, электр газбен дәнекерлеуші, 1С операторы, бағдарламашы, маникюр шебері және басқа мамандықтар бойынша жүргізіледі. Олардың барлығы жұмыс берушілердің тапсырысынан қалыптасады.
Бәріненде маникюр және шаштараз шеберлігі сұранысқа ие болды. Әрі қарай, танымал оқыту ретінде жұмыссыздар аспазшыны таңдады, ал бұл тізімді — веб-шебер және веб-дизайнер аяқтайды.

Полиграфиялық жабдықтарды реттеуші және түптеу шеберлігін үйренуге ниет білдіргендердің саны аз болды.

Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 айдан 6 айға дейін құрайды. Студентке стипендия – айына 32 681 теңге, жол жүру үшін өтемақы – 4 АЕК (14 768 теңге), сондай – ақ тұру-10 АЕК (36 920 теңге) беріледі. Мемлекет есебінен қысқа мерзімді кәсіптік курстарда білім алушы медициналық тексеруден өтеді – 2 АЕК (7 384 теңге).

Қысқа мерзімді курстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік бағдарламаға қатысушы жұмыс берушіге тұрақты жұмыс орнына орналастырылады.

Биыл қысқа мерзімді курстарда 481 адамды оқыту жоспарлануда. Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының Мансап орталықтарында қысқа мерзімді курстарға өтінімдер қабылдау жалғасуда.

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button