Аймақтағы экологиялық мәселелер – экология департаментінің назарында
Облыстық экология департаменті аймақтағы экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 2020-2024 жылдарға арналған Жол картасын орындау бойынша есептік кездесу өткізді. Оған облыстық мемлекеттік органның қызметкерлері мен экологиялық кеңестің мүшелері қатысты. Кездесуде Теміртау және Балқаш қаласы әкімдіктерінің Жол картасы бойынша жасаған іс-шаралары талқыланды.
Шара барысында биылғы жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша іске асырылған жұмыстар назарға ұсынылды. Мәселен, Теміртау қаласында біршама жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілуде. Көгілдір отынын үйді-үйге тартылуда. Мәселен, Соцгород ауданы мен №8 шағынауданының тұрғындары көгілдір отынғатолық қосылып біткен. Сонымен қатар, 530 үй орталықтандырылған газ жүйесіне қосылған. Енді биылғы жылға рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жүргізуде. Ол үшін бюджеттен тиісті қаржы бөлінген. Жасыл желектендіріу жұмыстары да қолға алынған.
Ал, Балқаш қаласында мамыр айынан бастап саябаққа көшет отырғызу жұмыстары жүргізілуде. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС қаражаты есебінен 1 000 дана ағашқа қаржы бөлінген. Сонымен қатар, жол картасы негізінде орындалатын қаладағы барлық жұмыс облыстық экология департаменті өз бақылауында ұстайды. Және тоқсан сайын есептік кездесулер онлай форматта ұйымдастырылып тұрады.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz