АймақБас тақырыпЖаңалықтарҚарағанды

Аймақта Наурыз мейрамы қарсаңында жүздеген отбасы жаңа баспанаға ие болуда

Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтерге ие болады. Алғашқы отбасылар өз үйлеріне қоныстанып та үлгерді. Барлығы 389 отбасы жаңа тұрғын үйдің кілтін алады.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Балқашта “Наурызнама” онкүндігінің қайырымдылық күні аясында 15 жаңа пәтер көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға берілді.

Саран қаласында 110 отбасы жана пәтер кілттерін алды. Олардың ішінде жетім балалар, көпбалалы отбасылар және әлеуметтік осал топтардың өкілдері бар. Бұл пәтерлер мемлекеттік бағдарлама бойынша құрылыс салушыдан сатып алынды.

— Наурыз айында жақсылықпен бөлісу, сыйлықтар жасау әдетке айналған. Мұндай мереке қарсаңында пәтердің кілттерін алғанымыз біз үшін үлкен бақыт -, дейді Саран қаласының тұрғыны, жалғызбасты ана Саликова Мөлдір.

Жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру алдағы күндері де жалғасады. 19 наурызда Қарағандыда 180 отбасы қоныс тойын тойлап, 20 наурызда Бұқар жырау ауданының Доскей кентінде 60 отбасыға пәтер кілттері тапсырылады, ал 21 наурызда тағы 24 отбасы Нұра ауданында жаңа тұрғын үй иегері болады.

Облыс әкімінің баспасөз қзметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button