Жаңалықтар

Аймақта 1374 шақырым автожол жөндеуден өтеді

Облыста 1374 шақырым автожол жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Сурет: “ҚазАвтоЖол” АҚ сайтының мұрағатынан

– Бұл 640 км республикалық маңызы бар автожолдар, 317 км облыстық маңызы бар автожолдар және 417 км жергілікті желілер. 3 мыңға жуық жол-құрылыс техникасын іске қосу, 570 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Нәтижесінде нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға дейін жеткізілетін болады, – деп хабарлады Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ОКҚ брифингінде.

«Орталық-Оңтүстік» ауқымды жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл Қарағанды-Балқаш республикалық автожолының төрт жолағы бойынша жол ашылады, Қарағанды-Қарқаралы жолының бес учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ жақын арада Қарағанды – Жезқазған автожолын қайта жаңартуға кіріседі. Жұмыстар Жаңаарқадан Қарағандыға қарай 40 км автожолда басталады. Жоба үш жылға есептелген.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button