Басты тақырыпОблыс әкімі

АЙМАҚ ӘЛЕУЕТІН ЕСЕЛЕУ БАҒЫТЫНДА

     Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ төрағалығымен Ақмола облысындағы Бурабай кентінде өткен жиналыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ бейсенбі күні селекторлық жиын өткізді. Мәжілісте аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру турасында бірқатар нақты тапсырмаларды тиісті органдарға міндеттеді.

Жиынға облыстық басқармалар басшылары және қалалар мен аудандар әкімдері селекторлық режимде қатысып отырды.

Облыс әкімі Қаражал қаласы және Жәйрем кенті тұрғындарын таза ауыз сумен қамту мәселесіне ерекше назар аударды. Қаражал қаласының әкімі Тілектес Досаев баяндағандай, Қаражал аймағындағы ауыз су тасымалын қамтамасыз етуге биылғы жылы 1 млрд. 100 млн. теңге қарастырылған. 15 шақырымдық құбырдың бүгінгі таңда 7 шақырымы жеткізілген. Қазіргі уақытта құрылыс-дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге келісімшарт жасасу жұмыстары жүргізілуде.

Ерлан Қошанов жиында «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүйелі іске асыру турасында сөз қозғады. Нақты айтқанда, өңірдегі автокөлік және әлеуметтік нысандар құрылысын сапалы аяқтауға тоқталды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» тиімділікпен атқару туралы айтты. Сондай-ақ, облысқа тартылатын инвестиция көлемін ұлғайтып, агроөнеркәсіп кешенін өркендету мәселесіне баса назар аударды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларға жауапкершілікпен қарау арқылы тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсендендіру міндетін алға тартты.

 

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button