АймақБас тақырыпҚарағанды
Аймақ басшысы Саран қаласының тұрғындарымен кездеседі
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу 2026 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Саран қаласының Мәдениет үйінде өтеді.
Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстарын жинау үшін жұмыс тобы құрылған. Өтініштер мен сауалдарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) (8-72137) 7-40-16 телефоны арқылы немесе saran_apparat@akimat09.kz электрондық поштасына жолдауға болады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі



