Жаңалықтар

«Айқын» қосымшасын іске қосты

    Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті «Айқын» пилоттық жобасын іске қосты.

«Айқын» мобильді қосымшасы мемлекеттік органдармен азаматтардың өтініштеріне жауапты тиімді қабылдау, өңдеу және ұсыну үшін құрылды.

“Дұрыс емес адрестеу – өтініш беру кезіндегі негізгі өзекті мәселелердің бірі, соның себебінен қарау рәсімінің мерзімі ұзарып кетеді, ал азаматтар ұзақ уақыт бойы жауаптарын ала алмайды. Мобильдік қосымша азаматтар мен мемлекеттің жедел диалог құралына айналады, яғни, адам қандай мемлекеттік органның сол немесе басқа мәселенің шешілуіне жауап беретінін дәл білмесе де, өтінішті дұрыс жолдауға мүмкіндік береді. Қосымшамен жұмыс істеу үшін пайдаланушының ЭЦҚ қажет емес екендігін айта кету керек “, – деді ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасының орынбасары Әбу-Әли Саттар.

Өтініштердің дұрыстығы барысын қадағалауды, өңдеудегі жеделдікті және пилоттық режимде “Айқын” мобильдік қосымшасы арқылы жауапты ұсынуды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қарағанды облысы бойынша басқармасының және Қарағанды қаласы әкімдігінің жауапты қызметкерлері жүзеге асырады.

Қарағандылықтар және қала қонақтары қосымша арқылы проблемалық сұрақтарды немесе заңдылықтың бұзылғаны туралы ақпаратты мынадай деректерді көрсете отырып, хабарлай алады:

– міндетті тәртіпте: ЖСН, ұялы телефон номері және өтініштің мазмұны (мәтінді хабарламаға өзекті фотоны, тиісті уақыт кезеңіне келетін бейне файлдарды тіркеуге, қоса ұсынуға болады);

Мобильді қосымша Appstore-да (http://apple.co/2x6Izmi) және PlayMarket-те (goo.gl/kWCVnk) қолжетімді.

БАҚ үшін қосымша ақпарат:

+7-7172-317456

press@kgp.kz

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button