АЭС салуға қатысты пікір білдірді
Балқаш қаласында АЭС салуды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайында өткен кездесуге ұстаздар қауымы келді.
Кездесу барысында АЭС салуды қолдау жөніндегі штабтың мүшелері Қадыржан Тейлянов, мәслихаттың депутаты, Балқаш қаласындағы №1 орта мектептің директоры Кристина Шафикова қазіргі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті.
Әлемнің озық елдерінің тәжірибесі атом энергетикасының тиімділігі мен қауіпсіздігін айқын дәлелдеп отырғандығын сөз етті. Сонымен қатар, Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр екендігін жеткізді.
– Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту, – деді Қадыржан Тейлянов.
Сондай-ақ, АЭС салуға қатысты мұғалімдердің сұрақтарына жауап берді.
Өз тілшімізден.
БАЛҚАШ.