Бас тақырып

АЭС: елдің дамуына үлкен мүмкіндік

Қоғамда АЭС құрылысына қатысты әлі де болса екіжақты пікір айтылуда. Дегенмен, соңғы уақытта қолдаушылардың қатары көбейіп келе жатқандығы байқалады. Оған себеп – сала мамандарының түсіндіру жұмыстарын жүргізуінде. Қай жерде болсын мамандар, энергетиктер мен ғалымдар АЭС-ті салу мәселесіне байланысты іс-шаралар өткізуде. Әрі салынған жағдайда ел экономикасының дамуы мен әлеуметтік жағдайы туралы айтып жатыр.

Сурет abaidan.kz

Өзім медицина саласының қызметкері болғандықтан, бұл мәселе маған таңсық еді. Кейін әлеуметтік желіге кіріп, сараптамалық, талдамалық мақалаларды оқып шықтым. Бір байқағаным, біздің елге зиянына қарағанда пайдасы көбірек тиетін секілді. Себебі, мамандар бізде энергия тапшы дейді. Ал, энергия жетпесе елдегі барлық саланың дамуы тежеледі. Сондықтан, елдің болашағы, елдің дамуы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек.

Әрине, әр нәрсенің екі жағы бар. АЭС-тің де зиянды жақтары айтылыпты. Бұған дейін де елде АЭС болған деседі. Енді біз сол замандағы АЭС-пен дамыған ғасырдың станциясын салыстыра алмаймыз ғой. Қазіргі салынатын АЭС-тің соңғы үлгісі екен. Кемшін тұстары толықтырылған. Әрі сала мамандары мен ғалымдардың кеңесімен станция жетілдірілген.

Мәселен, медицина саласы да дәл сондай. Заман талабына сай құрылғыларымыз жетілдіріледі. Сәйкесінше, түрлі дертпен күресуге мүмкіндік артуда. Қазір біз жетілдірілген құрылғылар мен ем-домның арқасында адамға өмір сыйлай аламыз. АЭС-мәселесі де соған ұқсас. Қазіргісі жетілдірілген. Ал, бұл дегеніңіз, елдің дамуына үлкен мүмкіндіктің бірі деп білемін.

Дарын ӘБІЛЖАНОВ,
«Жүз жаңа есім» жобасының жеңімпазы,
Хирург, онкогинеколог дәрігер.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button