Қадірлі «Орталық Қазақстан» газетінің ұжымы!

Арқаның айдарлы аға басылымы, облыстағы баспасөздің ақ ордасы – «Орталық Қазақстан» газетінің 85 жылдық торқалы тойы құтты болсын!

Тәуелсіздік туы желбіреп, еліміз азат атанғанда да, жаңа Қазақстан, жасампаз мемлекет құруда небір қиындықтарға қарамастан, «Орталық» аймақтың бас басылымы ретінде өзіне жүктелген міндетті үлкен абыроймен атқарып, көзі қарақты оқырманның асыға күтіп оқитын газетіне айналды.

Құрметті әріптестер! Қоғам игілігіне бағытталған еңбектеріңіз қашанда еленіп, абырой-мәртебенің биігінен көріне беріңіздер. Тойларыңыз тарқамай, әрқашан баянды да берекелі күндерге жетулеріңізге тілектеспіз.

Жүректеріңізге толмас қуат, қаламдарыңызға шалдықпас шабыт тілейміз.

Қарқаралы аудандық

«Қарқаралы» газетінің ұжымы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.