Жаңалықтар

Адалдықпен – абыройға

    Мемлекет басшысы ұсынған «100 жаңа есім» бағдарламасы әр салада қызмет етіп, еліміздің гүлденуіне үлес қосып жүрген азаматтардың есімін айшықтап, оларға тың серпін беретіні сөзсіз. Міне, іскерлігімен ілгері басып, жауапты қызметтің жүгін арқалаған азаматтың бірі – Дастан ИСКАКОВ.

Дастан Тілеуғабылұлы – Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қа­рағанды облысы бойынша департаментінің Тергеу басқармасы тергеу бөлімінің басшысы. Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде қарапайым отбасында дүниеге келіп, Қаражал қаласындағы орта мектепті тәмамдаған. Кейін, 2008 жылы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі атанды.

Д.Искаков мемлекет пен елдің алдындағы борышын ақтау үшін күш-жігерін қоғамның жегі құрты саналатын – жемқорлық­пен күрес саласына арнады.

Өз қызметін қаржы полиция­сының тергеуші лауазымынан бастады. Биік белестерді бағындыра келе, 9 жыл ішінде тәжірибе жинақтап және терең білімін көрсетіп,  басшы лауазымына дейін көтерілді. Қаржы полициясы органдарында қызмет атқару кезінде Д.Искаков І және ІІ дәрежелі «Қаржы полициясының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды. Департамент бас­шысының және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы қызмет төр­ағасының тарапынан бірнеше рет марапатқа ие болды. Сондай-ақ, 2017 жылы үлгілі қызметі үшін Қарағанды облысы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшылығы Д.Искаковтың тәжірибесі мен білімін ескере отырып, оған басшылық лауазымдарының бірін сеніп тапсырды. Бұл лауазымда жас мамандарға үлгі болып, бар білгенін ортаға сала отырып, тәжірибесімен бөлісуде. Жақсы нәтижеге қол жеткізу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену ол үшін негізгі қағидаларының біріне айналды.

Д.Искаков ұлтжанды, патриот азамат ретінде танылып келеді.

Мемлекетке адал қызмет ету, заңғар шыңнан көріну – Дас­тан Тілеуғабылұлының не­гіз­гі мақсаты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл ұлттық

бюросының Қарағанды облысы бойынша

департаменті.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button