Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы туралы викторина өтті
Ғабиден Мұстафин кентінің көпшілік кітапханасында жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша викторина өткізіліп, оған жасөспірім оқырмандар қатысты.

Кітапханашылар әуелі жазушының шығармашылық жолына тоқталып, Қытайдың Шығыс Түркістан өңіріндегі қазақтардың өмірі мен азаттық үшін күресі, романның басты кейіпкері Демежанның қиын тағдыры туралы түсініктеме берді.

Бұдан кейін өткізілген викторина сұрақтарына «Тағдыр» романының оқиға желісі мен ондағы кейіпкерлер арқау болды.
Кітапханаға келген жасөспірім оқырмандар викторинаға белсене қатысып, олардың арасынан ең көп сұрақтарға жауап берген Тілеубек Ақжолға Мұқағали Мақатаевтың «Аманат» атты кітабы сыйға тартылды.
Шара барысында оған қатысушылар жазушы шығармашылығымен жақынырақ танысып, олардың ұлттық тарихымызға қызығушылығы артты.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы



