АбайАймақ

Абайлықтар да Ата заңды ардақтады

Абай аудандық Мәдениет үйінде де Конституция күні құрметіне “Алтын заңым – арай таңым!” атты мерекелік шара өтті.

   Шара басталмас бұрын мерекеге келгендер осы Мәдениет үйінің фойесінде “Конституция – кемел келешектің көрмесі” тақырыбындағы кітап көрмесін тамашалап, патриоттық әндер шырқалып, “Вдохновение” би тобының бишілері мың бұрала биледі.

   Салтанат одан әрі кең залға ойысып, еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалған соң жиналғандарды Абай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Еркебұлан Асқаров құттықтап, марапаттау рәсіміне кезек берілді.   Бұл жолы Самал Сайлаубекова, Маргарита Искакова сияқты көпбалалы аналарға “Алтын алқа” табысталып, бір топ адамға облыс әкімінің Құрмет грамотасы берілді. Бұлардың арасында әскери қызметшілер Сұңғат Әміребек, Айдос Жақыпов, Жұмаш Қабдуалиев, Елдос Қырықпаев, аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Айгүл Идрисова, Халыққа қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы Саягүл Мекебаева бар. Ал аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі бөлімінің басшысы Роза Митюшкина, аудандық соттың бас мамандары Зәбира Қозыбақова мен Қайырым Шәмбіл, аудандық прокуратураның прокуроры Еркебұлан Шалқаров Абай ауданы әкімінің Құрмет грамотасына ие болды.

   Салтанат үстінде отау құрып, жаңа өмірге қадам басқан жас жұбайлар Смағұл Жұбаныш пен Аружан Әлдешованың, Александр Бауэр мен Светлана Евстафьеваның некелері қиылып, оларға неке куәліктері табыс етілді.

   Дәл осы мереке күндері кәмелеттік жасқа толып, Қазақстанның толыққанды азаматы атанған Нұрбек Орынбасар,Руслан Қанат пен Әлия Мезерованың жеке бас куәліктерін алғандағы қуаныштарында шек болмады.

  Ата заңның аясында өткен марапаттау мен заңды құжаттарды тапсыру рәсімдері аралығында аудан өнерпаздары қалың көпшілікті ән мен күйге бөледі.

Ержан ИМАШ,

Абай қаласы.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button